"Арсенал" Германия құрамасының үздік ойыншысын қатарына қосты

©"Арсенал" ФК

"Арсенал" футбол клубы неміс жартылай қорғаушысы Кай Хаверцті қатарына қосты. Бұл туралы лондондық клуб ресми сайтында хабарлады. 

Клуб пен ойыншы арасындағы келісімшарттың талаптары әзірге белгісіз. Кей БАҚ ақпараты бойынша екі тарап 2028 жылға дейін келісімге келген. 

Хаверц 2020 жылдан бері "Челсиде" ойнап келді. Өткен маусымда Ағылшын премьер-лигасында 35 ойынға қатысып, 7 гол соқты. 

Клубтық деңгейде 2016-2020 жылдары Леверкузеннің "Байер" командасында ойнаған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: