Жарнама

Футбол
Бүгін 11:29
 

"Арсенал" ЧЛ финалына өтісімен ғасыр рекордын жаңартты

  Пікірлер

blog.share

"Арсенал" ЧЛ финалына өтісімен ғасыр рекордын жаңартты ©Britball.ru

Лондонның "Арсенал" клубы 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының финалына өтуімен бірге бірегей жетістіктерге жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондонның "Арсенал" клубы 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының финалына өтуімен бірге бірегей жетістіктерге жетіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалдағы қарымта матчта "зеңбірекшілер" мадридтік "Атлетиконы" 1:0 есебімен ұтқан еді.

Бұл жеңіс "Арсенал" үшін биылғы маусымдағы 41-ші жеңіс болды. Бұл - клубтың XXI ғасырдағы ең үздік көрсеткіші және рекордтық нәтижесінің қайталануы. Бұған дейін лондондықтар дәл осындай нәтижеге 1970/1971 жылғы маусымда қол жеткізіп, Англия чемпионы атанып, Англия кубогын жеңіп алған.

Сонымен қатар, "Арсенал" Чемпиондар лигасындағы жеңіліссіз матчтар саны бойынша да клуб рекордын жаңартты.

Микель Артета жаттықтыратын команда осы турнирде 11 рет жеңіске жетіп, үш мәрте тең түсті. Жалпы 14 матчтық жеңіліссіз серия - "Арсенал" тарихындағы Чемпиондар лигасындағы ең үздік нәтиже.


Финалда "Арсенал" мюнхендік "Бавария" мен франциялық "Пари Сен-Жермені" арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы матчта париждіктер 5:4 есебімен жеңіске жеткен.

2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының финалы 30 мамыр күні Будапешттегі "Пушкаш Арена" стадионында өтеді.

Турнирдің қазіргі чемпионы - ПСЖ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!