Футбол
24 тамыз 2021 20:26
 

"Арсенал" басшылығы Микель Артетаға жағдайды түзеуге мүмкіндік берді

  Пікірлер

blog.share

"Арсенал" басшылығы Микель Артетаға жағдайды түзеуге мүмкіндік берді Сурет: eurosport.ru

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетеға қазан айына дейін клубтағы жағдайды түзеуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Goal басылымы.

blog.share

"Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетеға қазан айына дейін клубтағы жағдайды түзеуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Goal басылымы.

Дереккөздің айтуынша, маманның қазан айындағы халықаралық үзіліске дейін уақыты бар. Осы уақытқа дейін "Арсенал" премьер-лигасында "Манчестер Сити", "Норвич", "Бернли", "Тоттенхэм" және "Брайтон" командаларына қарсы бес ойын өткізеді. Осы ойындарда нәтиже көңілден шықпаса испаниялық маман қызметінен босатылады. 

Айта кетейік, "Арсенал" Англия чемпионатының жаңа маусымын екі жеңіліспен бастады. Бірінші турда команда "Брентфордтан (0:2), кейін "Челсиден" (0:2) ұтылды.

Келесі турда лондондық клуб сырт алаңда "Манчестер Ситиге" қарсы ойнайды. Матч 28 тамызда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30 -да басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!