"Арсенал" АПЛ маусымын жеңіспен бастады

fc-arsenal.com

Англия чемпионатының бірінші турында "Арсенал" қонақта "Кристал Пэласты" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Селхерст Парктегі" матчта "канонирлер" сапында Габриэль Мартинелли 20-минутта есеп ашса, екінші таймның соңына қарай алаң иелерінен қорғаушы Марк Гехи автогол авторы атанды.

Осы жеңісінің арқасында Микель Артета жаттықтыратын Лондонның командасы турнир кестесінде жеке-дара көш басына шықты. Бірінші тур матчтары тамыз айының 6, 7 күндері өтеді.

Атап айтқанда 6 тамызда "Фулхэм" - "Ливерпуль", "Тоттенхэм" - "Саутгемптон", "Ньюкасл" - "Ноттингем Форрест", "Лидс" - "Вулверхэмптон", "Борнмут" - "Астон Вилла", "Эвертон" - "Челси", 7 тамызда "Манчестер Юнайтед" - "Брайтон", "Лестер" - "Брентфорд" және "Вест Хэм"  - "Манчестер Сити" матчтері өтеді.

Еске салайық, өткен маусымда "Манчестер Сити" өз тарихында сегізінші рет Англия чемпионы атанды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport