"Арсенал" АПЛ-дегі көшбасышлығын нығайтты

27 желтоқсан 2022 11:47
© twitter

"Арсенал" Англия премьер лигасының 17-турында "Вест Хэм" командасын өз алаңында ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Эмирейтс" стадионында өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. 

Бірінші голды қонақтар салған болатын. Саид Бенрахма 27-минутта есеп ашты.

Ал екінші таймда "Арсенал" қатарынан үш гол соқты: Букайо Сака ('53), Габриэл Мартинелли ('58) және Эдди Нкетиа ('69).

Осылайша, Микель Артета жаттықтыратын команда 40 ұпай жинап, АПЛ көшбасына мықтап бекіді. Клуб екінші келе жатқан "Ньюкаслдан" жеті балл артық жинаған, ал үшінші орындағы "Манчестер Ситиден" сегіз ұпай алда.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport