Лондонның "Арсенал" клубы АПЛ-дың 26-турында "Брентфордпен" тең ойнады - 1:1, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бір сағатқа жуық табанды күрестен кейін қонақтар есеп ашты. 61-минутта Нони Мадуэке мергендік танытып, "канонирлерді" алға шығарды. Алайда алаң иелері көп күттірмей жауап қатты: 71-минутта Кин Льюис-Поттер таразы басын теңестірді. Ойынның соңғы бөлігінде қос команда да шабуылды үдеткенімен, есеп өзгеріссіз қалды.
26 турдан кейін "Арсенал" 57 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Ал "Брентфорд" 40 ұпаймен жетінші орынға орнығып, еурокубок жолдамасы үшін күресті жалғастыруда. "Канонирлер" енді "Манчестер Ситиден" небәрі төрт ұпайға ғана алда.
21 ақпандағы келесі турда "аралар" өз алаңында "Брайтон энд Хоув Альбионмен" ойнайды. Ал бір күннен кейін "Арсенал" сырт алаңда "Тоттенхэм Хотспурге" қарсы дербиде бақ сынайды.