Футбол
30 қазан 10:15

"Арсенал" ағылшын футболы тарихында рекорд жасады

©"Арсенал" ФК

Лондонның "Арсенал" клубы Лига кубогының төртінші айналымында "Брайтонды" 2:0 есебімен ұтып, ағылшын футболының жаңа тарихи рекордын орнатты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Opta Sport статистикалық порталының мәліметінше, "Арсенал" бір ай ішінде қатарынан алты ойында гол жібермей жеңіске жеткен Англия жоғарғы дивизионы тарихындағы алғашқы команда атанды.

Айта кетсек, бұған дейін "канонирлер" Премьер-лигада "Кристал Пэлас" (1:0), "Фулхэм" (1:0), "Вест Хэмді" (2:0) ұтса, Чемпиондар лигасында мадридтік "Атлетико" (4:0) мен гректің "Олимпиакосын" (2:0) тізе бүктірген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport