Арсен Венгер матчтерді көреременсіз өткізудің футболға зияны туралы айтты

Сурет: Footballhd.ru
Лондондық "Арсеналдың" бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер футболды көрерменсіз өткізудің зияны туралы айтты, - деп хабарлайды Sky Sports.

Маманның сөзінше, мұндай шара қысқа уақытқа ғана жарамды. Ал маусымды толықтай көрерменсіз өткізуді елестету де мүмкін емес, өйткені бұл ойынға үлкен зиянын келтіреді. 

Сонымен қоса, Венгер жанкүйерлерді стадион трибуналарына қайтаруға да асықпау керегін айтады. Бірінші кезекте көпшілік шаралардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп алу қажет. 
Жаңалықтар