Футбол
8 қазан 2020 18:00
 
Арсен Венгер футбол ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынды

  Пікірлер

blog.share

Арсен Венгер футбол ережесіне өзгеріс енгізуді ұсынды Арсен Венгер. Сурет: vbetnews.com©

Лондондық "Арсенал" командасының бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер футболдың кейбір ережелеріне өзгеріс енгізуді ұсынды. Танымал маман тіпті бірнеше жоспар айтқан,- деп хабарлайды "Чемпионат" порталы. 

"Біз бірнеше ережелерді қарастырып жатырмыз. Мысалы, бұрыштан асырылған доп алаңнан шығып барып қайта оралса, ойната беру туралы. Бұл гол соғуға жаңа мүмкіндіктер береді. 

Сондай-ақ мен ауттан допты ойынға қосуды өзгерткім келеді. Ойынның аяқталуына бес минут қалғанда аут жеңіліп жатқан командаға басымдық беру керек. Бірақ дәл қазір аут лақтырып жатқан командада тоғыз ойыншы, қорғанып жатқан командада он ойыншы болады. 

Статистика бойынша, он мүмкіндіктің сегізінде шабуылдап жатқан команда доптан айырылып қалады. Сондықтан мұндай кезде допты өз алаңынан аяқпен қосуға мүмкіндік беру керек", - деді ол. 

Айта кетейік, Венгер франциялық "Нанси", "Монако", жапониялық "Нагоя Гампус" секілді командаларды жаттықтырған. Ал 1996 жылы ол "Арсеналдың" тізгінін ұстап, 2018 жылға дейін осы команданы жаттықтырды. 

Жарнама

Живи спортом!