Арнольд Кнаубтікінен бөлек тағы бір ресейлік футзал командасы жабылды
Ресейдің шағын футбол ассоциациясы Мәскеулік "Спартак" футзал командасының біріншіліктен шығатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ресейдің шағын футбол ассоциациясы Мәскеулік "Спартак" футзал командасының біріншіліктен шығатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Мәскеулік команда қаржылық қиындыққа байланысты чемпионатты ары қарай жалғастырмайды.
Еске салайық, қаржылық қиындыққа байланысты бұған дейін Ресей біріншілігі мен Ресей кубогінен "Динамо-Самара" командасы да шығып қалған болатын. Бұл командада өткен күзден бері Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауд өнер көрсетеді.
Негізі "Динамо-Самара" командасына "Қайраттың" бразилиялық ойыншысы Ранжел Тайнан да ауысуы керек болатын. Бірақ жоғарыдағы мәселеден кейін ол ресейлік командаға ауыспай, отанына қайта оралды.
Жарнама