"Арнайы жеңілдігімен". Роналду мен Месси матчіне миллиард теңгелік билет сатылды

©egyptindependent.com

19 қаңтарда "Пари Сен-Жермен" клубы "Әл-Наср" және "Әл-Хилал" ойыншыларынан құралған командаға қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Match TV арнасының мәліметінше, Сауд Арабиясында матч кезінде ойыншылармен суретке түсу және команданың киім ауыстыратын бөлмелеріне кіру сияқты жеңілдіктері бар арнайы билетті сатуға арналған қайырымдылық аукционы өтті.

Сауда-саттық 1 миллион сауд риалынан басталды, нәтижесінде билет 10 миллион риалға (2,4 миллион еуро), 1 миллиард 239 миллион теңгеге сатылды. Аукционнан түскен қаражат ұлттық қайырымдылық науқанына жұмсалуы керек.

Еске салайық, бұған дейін араб кәсіпкері Роналду мен Мессидің матчіне миллиард теңге жұмсауға дайын екені хабарлаған еді 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар