Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов ӘЧ-2022 турнирінің квалификациясында Франциямен өткен матчтан кейін пірікр білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Парк де Пренсте" өткен кездесу 8:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
"Матч алдында футболшыларға қорықпай ойнау керектігін айттым. Қайткен күнде де ойынымызды дамытуымыз керек еді. Жеңіліске әрқашан бапкер жауап береді. Біз мұндайға дайын болмадық. Бұл кездесуден кейін командамыздың мұндайға дайын болмағанына көз жеткізуге болады. Таблодағы нәтижеден бәрін көруге болады. Алып қосарым жоқ", - дейді Талғат Байсуфинов.
Еске салайық, Франция командасы D тобында 15 ұпай еншілеп, әлем чемпионатына бірінші орынмен жолдама алды. Ал іріктеудегі соңғы ойынын өткізген Қазақстан құрамасы үш ұпаймен соңғы орынға жайғасты.