Аргентинаның басты шабуылшыларының бірі әлем чемпионатына қатыспай қалуы мүмкін

©footballufo.ru

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Пауло Дибала 2022 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмай қалуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Corriere dello Sport ақпараты бойынша, "Рома" шабуылшысы Италия чемпионатының тоғызыншы турында "Леччеге" (2:1) қарсы кездесуде пенальти тебу сәтінде жарақат алып қалған. 

Дибала 48 минутта көзге түсті. Бірақ содан соң бірден жарақат алды. "Дибаланың жағдайы қалай? Нашар, егер шын айтатын болсам өте нашар. 2023 жылы ол алаңға қайта шыға ала ма? Мен дәрігер емеспін. Дәрігермен сөйлеспедім де. Дегенмен тәжірибеме сүйене отырып айтатын болсам, ол биыл алаңға шықпайтын шығар", - деді бұл жағдайға қатысты Жозе Моуриньо. 

Еске салайық, Катардағы әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 қыркүйек аралығында өтеді. Аргентина құрамасы Мексика, Польша, Сауд Арабиясымен С тобында өнер көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар