Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалонидің 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Вердемен өтетін матчтың басталу уақытына көңілі толмай отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан уақытымен кездесу 4 шілдеге қараған түні сағат 03:00-де басталады. Ойын АҚШ-тың Майами қаласындағы "Хард Рок" стадионында өтеді. Жергілікті уақыт бойынша матч 18:00-де басталады. Аргентина бапкерінің айтуынша, бұл уақытта өте ыстық, сондықтан футболшылар үшін қиын.
"Біз өте қатты ыстықта ойнаймыз. Мұндай уақыттың не үшін таңдалғанын түсіну қиын. Бірақ барлық команда осындай жағдайда ойнады, сондықтан шағымданудың мәні жоқ", – деп береді Скалонидің сөзін TyC Sports.
Еске салайық, Аргентина мен Кабо-Верде арасындағы кездесудің жеңімпазы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтіп, Аустралия – Мысыр жұбының жеңімпазымен кездеседі.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет аптап ыстыққа байланысты әр таймда міндетті түрде үш минуттық су ішуге үзілістері енгізілді.
Жарнама