| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 10:24
 

Аргентинаның бапкері ӘЧ-2026-дағы Испаниямен финал туралы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Аргентинаның бапкері ӘЧ-2026-дағы Испаниямен финал туралы ойын айтты ©ФИФА

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан ұтылғандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испаниядан ұтылғандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлім біріншілігінің чемпионы анаықталатын кездесуде испаниялықтар 1:0 есебімен есе жіберді. Екінші экстра таймда Ферран Торрес кездесудегі жалғыз голды соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Финалдық ысқырықтан кейін Скалони қарсыластың басымдығын мойындап, өз футболшыларына ризашылығын білдірді.

"Көңілім түсіп тұр, бірақ, біз бар күшімізді салғанымызды да түсініп тұрмын. Бұл жерге қалай жеткеніміз туралы көп айтуға болады, алайда, қазір оның қажеті жоқ. Мен жігіттерге шексіз алғысымды білдіргім келеді. Олар бізге тағы бір әлем чемпионатының финалын сыйлады және соңына дейін жанын салды.

Испания бүгін мықтырақ болды, бұл – шындық. Бірақ мен олардың осы финалға дейін жету жолында атқарған еңбегін ешқашан ұмытпаймын. Мұндай деңгейге жету үшін орасан еңбек керек, сондықтан соны бағалай білуіміз қажет.

Біз жеңісте күштіміз, жеңілісті де күшті болуымыз керек. Бүгін жеңілісті абыроймен көтере алатынымызды паш еттік. Біз бұл матчта ұтылдық және оны мойындаймыз. Алайда бұл осы финалға дейін атқарған еңбегімізді ұмытамыз деген сөз емес", – деді Скалони ФИФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Аргентина құрамасы бұл турнирге әлемнің қазіргі чемпионы ретінде келген болатын. Алайда команда 2022 жылы жеңіп алған чемпиондық атағын қорғай алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!