Аргентина құрамасы жолдастық кездесуде Панаманы ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен матч 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Бұл ойында 78-минутта Тьяго Альмада есеп ашты және Лионель Месси 89-минутта гол салды.
Бұл әлем чемпионы атанған Аргентинаның ӘЧ-ден кейінгі алғашқы ойыны.