Аргентиналықтар мен мексикалықтар төбелесінің видеосы

©"Чемпионат"

Аргентина мен Мексиканың футбол жанкүйерлері әлем чемпионатының екінші туры өткен "Лусаил" стадионында төбелесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчте Аргентина 2:0 есебімен мексикалықтарды ұтты. Бұл Лионель Месси бастаған команда үшін мундиальдағы алғашқы жеңіс болды. 

Айта кетейік, бұл Катар жеріндегі мексикалық және аргентиналық футбол жанкүейрлері арасындағы екінші жанжал. Бірінші турда Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан ұтылған күні мексикалықтар Әл-Бидда саяжайында Лионель Мессиге тіл тигізіп айқайлаған екен, бұған шыдамаған аргентиналықтар Мексикадан келген жанкүйерлермен жаға жыртысқан. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар