Аргентинада вице-президентке шабуылдан кейін футбол матчтарын өткізбей қойды
Аргентина футбол ассоциациясы (AFA) ішкі чемпионаттағы барлық матчтарды тоқтатып қойды. Бұған себеп елдің вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге шабуылды болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аргентина футбол ассоциациясы (AFA) ішкі чемпионаттағы барлық матчтарды тоқтатып қойды. Бұған себеп елдің вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге шабуылды болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бұл оқиға 1 қыркүйек күні Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында болды. Киршнер өз үйінің маңында жақтастарымен кездесіп жатқан. Белгісіз біреу 69 жастағы саясаткердің бетіне тапанша тақап, шүріппені басып жіберген. Бірақ тапанша атылмай қалған. Қылмыскер сол жерде құрықталған.
"AFA вице-президенті Кристина Киршнердің жағдайына алаңдаулы. Сондықтан бүгінге жоспарланған барлық матчтар кейінге шегерілді", - делінген ассоциация таратқан ақпаратта.
Жарнама