Футбол
Бүгін 10:28

Аргентинада ӘЧ- финалын қайта өткізуді талап етті: Испанияда жауап берді

©Depositphotos/actionsports

Аргентина құрамасының жанкүйерлері 2026 жылғы әлем чемпионатының финалын қайта өткізуді талап етіп, арнайы петиция жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мундиальдің шешуші матчында Аргентина құрамасы Испанияға 0:1 есебімен ұтылды. Ал кездесудің бас төрешісі словениялық Славко Винчич болды.

Оңтүстік америкалық құраманың жанкүйерлері Change.com платформасында петиция жариялап, төрешілердің шешімдері ойынның нәтижесіне әсер етті деп мәлімдеді. Олар Халықаралық футбол федерациясын (ФИФА) финалды қайта өткізуді қарастыруға шақырды.

Қазіргі таңда бұл петицияға 60 мыңнан астам адам қол қойған.

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте бұл бастамаға мысқылмен жауап берді.

"Олар тағы 120 минут ойнағысы келеді екен. Бәлкім, сол кезде қақпаға бір рет болса да соққы жасайтын шығар", – деді ол.

Еске салайық, ӘЧ-2026 финалының тағдыры қосымша уақытта шешілді. 106-минутта Ферран Торрес жеңіс голын соғып, Испания құрамасын өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атандырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport