Футбол
Бүгін 09:59

Аргентина үш дубль жасап қарсылас команданы 7:0 қылып ұтты

©AFA

Аргентина құрамасы Кордова қаласында өткен жолдастық матчта Коста-Рика командасын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 7:0 есебімен аяқталды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері сапында Николас Пас (8 және 38-минуттар), Хулиан Альварес (35 және 43-минуттар), Франко Мастантуоно (48 және 88-минуттар) дубль жасады. Ал Алексис Мак Аллистер 78-минутта гол соқты.

ФИФА рейтингінде Аргентина құрамасы екінші орында тұрса, Коста-Рика 55-сатыға жайғасқан.

Еске салайық, 14 қарашада екі команда да басқа құрамалармен жолдастық кездесу өткізген болатын. Аргентиналықтар Буэнос-Айресте Уругвай құрамасына 1:2 есебімен есе жіберсе, Коста-Рика сырт алаңда Эквадордан 0:2 есебімен ұтылды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport