Аргентина президентінің өзі Мессиге өтініш айтты

Сурет: championat.com
Аргентина президенті Альберто Фернандес "Барселона" форварды Лионель Мессиден карьерасын отанындағы "Ньюэллc Олд Бойз" сапында аяқтауды сұрады. 

Росариолық клуб академиясында Месси 1995 пен 2000 жылдар аралығы жаттығып, ойнаған, содан кейін Испанияға аттанған еді. 

"Әрбіріміздің жүрегіміздесің, сенің біздің жерде ойнағаныңды ешқашан көре алмай кетеміз деген қауіпіміз бар. Бізге істеген жақсылығың болсын, карьераңды "Ньюэллс Олд Бойз" сапында аяқташы. Бұл сенің клубың", - деп береді Фернандестің сөзін Marca порталы C5N арнасына сілтеме жасап. 
Жаңалықтар