Аргентина президенті тарихтағы ең ұлы футболшыны атады

©Тасс

Аргентина президенті Хавьер Милей "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихындағы ең мықты ойыншы деп есептейді, деп жазады Vesti.kz.

"Месси - тарихтағы ең ұлы ойыншы. "Мүмкін емес Месси" деген мақала бар, онда ойынның әр апспекті бойынша Месси үздік екені айтылады. Ол феномен. 

Менде ешқашан онымен тілдесіп көрудің мүмкіндігі болған емес. Енді мұны түзеу керек, бұл қызық болатын шығар. Бұл ең маңызды аргентиналықпен тілдесу мүмкіндігі болады. Мен Рим папасы, Нидерланды патшайымы Максимамен тілдескенмін... Мүмкін жолым болып, Мессимен де тілдесермін", - деп береді Милейдің сөзін AS.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport