| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:13
 

Аргентина Мессидің рекорды арқасында ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңіне өтті

  Пікірлер

blog.share

Аргентина Мессидің рекорды арқасында ӘЧ-2026-ның плей-офф кезеңіне өтті ©depositphotos/DURAOFOTO

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының J тобындағы екінші тур матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының J тобындағы екінші тур матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лионель Скалони шәкірттері АҚШ-тың Даллас қаласында Аустрия құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Кездесу аустриялықтардың айып алаңында Лаутаро Мартинеске қарсы ереже бұзып, соған айып ретінде белгіленген пенальтимен басталды. Ойынның тоғызыншы минутында төреші он бір метрлік айып добын белгілеген еді.

Пенальтиді орындауға Лионель Месси келді. Егер ол осы сәтті пайдалана алғанда, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жеке дара көш бастар еді. Оған дейін аргентиналық жұлдыздың еншісінде Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клоземен бірдей - 16 гол болған.

Алайда Месси пенальтиден мүлт кетіп, доп қақпа жанынан өтті.


Дегенмен тарихи рекорд көп күттірген жоқ. Ойынның 38-минутында аргентиналықтардың әдемі шабуылы нәтижелі аяқталып, оның соңғы нүктесін Лионель Месси қойды. Осылайша, ол әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік мерген атанып, рекорд жаңартты.


Екінші таймның қосымша уақытында Месси тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсіп, әлем чемпионаттарындағы гол санын 18-ге жеткізді.

Осы жеңістен кейін Аргентина құрамасының еншісінде алты ұпай бар. Бұл көрсеткіш командаға мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алуға мүмкіндік берді.

Аустрия құрамасы үш ұпаймен қалып отыр. Ал Иордания мен Алжир құрамалары әзірге ұпай жинай алған жоқ.

Топтық кезеңнің соңғы турында, 28 маусым күні, Аргентина Иорданиямен кездессе, Аустрия Алжирге қарсы алаңға шығады.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!