Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалонидің аты тарихта қалмақ, деп хабарлайды Vesti.kz.
Opta Sports мәліметінше, Скалони ӘЧ (2022) мен Амеркиа кубогін де ұтқан (2021) үшінші бапкер болып отыр. Оның алдында мұндайға тек бразилия бапкерлері Марио Загалло (1970 жылғы ӘЧ және 1997 жылғы Копа) және Карлос Альберто Перрейра (1994 жылғы ӘЧ мен Копа-2004) жеткен.
Сонымен қоса, 44 жастағы Скалони 1978 жылдан бергі әлем чемпионатын жеңіп алған ең жас бапкер болып отыр. Ал сол 1978 жылы ӘЧ-ні аргентиналық Сесар Луис Менотти 39 жасында ұтқан екен.