1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 16:39
 

Аргентина құрамасының бапкері ӘЧ аплдында Мессиге қатысты шешімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

Аргентина құрамасының бапкері ӘЧ аплдында Мессиге қатысты шешімін жариялады ©Depositphotos/celsopupo

Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команда капитаны, АҚШ-тың "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы соңғы жолдастық матчқа қатысатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони команда капитаны, АҚШ-тың "Интер Майами" шабуылшысы Лионель Месси алдағы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы соңғы жолдастық матчқа қатысатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

"Қанша минут ойнайтынын білмеймін"

Бапкердің айтуынша, басты мәселе - 38 жастағы шабуылшының алаңда өткізетін уақыты. Бұл жарақаттың қайталану қаупін болдырмау үшін қажет.

"Месси ойнайды, бірақ, оның қанша минут ойнайтынын әлі білмеймін. Мен онымен жаттығуда сөйлесемін, және қауіптің алдын алу үшін қанша минут ойнайтынын шешеміз. Шешімді қабылдаймыз, бірақ жалпы ол ойнайды", — деді Скалони баспасөз мәслихатында.

Турнир алдындағы дайындық

Исландияға қарсы матч 10 маусым күні өтеді. Бұған дейін Месси Гондурасқа қарсы жолдастық кездесуді өткізіп алған болатын. Ол ойын 2:0 есебімен Аргентина құрамасының жеңісімен аяқталды.

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Аргентина құрамасы топтық кезеңде Алжир, Австрия және Иордания командаларымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!