Аргентина құрамасы Мессиден "айырылып отыр"

©instagram.com/leomessi/

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр, деп жазады журналист Лео Парадисо.

37 жастағы футболшы Америка кубогіндегі екі матчке қатысып, онда нәтижелі пас беріп, аргентиналықтарға алты ұпай жинауға көмектесті. Бұл екі ойында оның командасы Канада (2:0) мен Чилиді (1:0) ұтты.

Алайда соңғы ойында ол жарақат алып қалып, Перумен өтетін келесі матчке қатыса алмайды. Ол тіпті ширек финалда да өнер көрсете алмайтын сияқты. Өйткені Месси өткен жаттығуға қатыспапты және Аргентина құрамыснда Лионельдің жағдайын қатысты пессимизм өсіп келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport