Аргентина құрамасы Финалиссима чемпионы атанды

©championat

Тұманды Альбионда ерекше футбол ойыны өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еуро-2020 жеңімпазы Италия құрамасы мен Америка кубогінің соңғы иегері Аргентина командасы екі құрлықтың үздігін анықтайтын Финалиссима-2022 Кубогін сарапқа салды. 90 мың жанкүйер сиятын әйгілі Уэмбли стадионындағы матчта мұхиттың ар жағынан келген ойыншылардың мерейі үстем болды.

Матчтың 28-минутында Мессиден пас алған "Интер" шабуылшысы Лаутаро Мартинес есеп ашса, бірінші таймның соңғы секундтарында Анхель Ди Мария таблодағы есепі еселеді. Үзілістен кейін еуропалық ұжым қарсылас қақпасына небәрі екі соққы жасай алды. Ойынның соңына қарай Италия чемпионатының жарық жұлдызы Пауло Дибала Доннарумма қақпасына командасының үшінші голын салды. Қорытынды есеп 3:0.

Осылайша, алғаш рет ұйымдастырылған Финалиссима турнирін Оңтүстік Америкадан келген аргентиналықтар жеңді. Ал Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар