Футбол
7 сәуір 2017 22:53
 

Аргентина құрамасы бас бапкерсіз қалуы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Аргентина құрамасы бас бапкерсіз қалуы мүмкін Эдгардо Бауса. © Mundo Deportivo

Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса командадан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Басылым мәліметінше, Баусаның отставкаға кететіні жайлы ресми түрде тек келесі аптада жарияланады. Оның құрамадан кетуіне соңғы кездері команданың сәтсіз өнер көрсетуі себеп болған. 

Баусаның басшылығымен құрама сегіз ойын өткізген (үш рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнады, үш рет жеңіліс тапты). 2018 жылы өтетін әлем чемпионатында іріктеу кезеңінде Аргентина өз тобында тек бесінші орынға табан тіреген. 

59 жастағы Бауса Аргентина құрамасының бас бапкері болып 2016 жылы 1 тамызда тағайындалды. Оның орнына қазіргі уақытта "Севилья" командасын жаттықтырып жүрген Хорхе Сампаоли келуі мүмкін. 


blog.share
Аргентина құрамасының бас бапкері Эдгардо Бауса командадан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды 
mundodeportivo.
com/futbol/internacional/20170407/421507246166/bauza-seleccion-argentina.
html">Mundo Deportivo
.


Басылым мәліметінше, Баусаның отставкаға кететіні жайлы ресми түрде тек келесі аптада жарияланады.
Оның құрамадан кетуіне соңғы кездері команданың сәтсіз өнер көрсетуі себеп болған.
 

Баусаның басшылығымен құрама сегіз ойын өткізген (үш рет жеңіске жетті, екі рет тең ойнады, үш рет жеңіліс тапты).
2018 жылы өтетін әлем чемпионатында іріктеу кезеңінде Аргентина өз тобында тек бесінші орынға табан тіреген.
 

59 жастағы Бауса Аргентина құрамасының бас бапкері болып 2016 жылы 1 тамызда тағайындалды.
Оның орнына қазіргі уақытта "Севилья" командасын жаттықтырып жүрген Хорхе Сампаоли келуі мүмкін.
 


Жарнама

Живи спортом!