Аргентина жеңісінен кейін Мессиді "қорлап" жатыр

21 желтоқсан 2022 10:04
©LaDepeche.fr

Францияда аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің Катардағы әлем чемпионаты финалындағы жеңісін көре алмай жүргендердің қатары жетерлік екен, деп хабарлайды "Чемпионат"

Елдегі бір бар қожайыны 35 жастағы "Пари Сен-Жермен" шабуылшысының футболкасын кіре беріске жайып қойыпты. 

"Аяқты сүртіп кіруді ұмытпаңыздар", - деп жазылған футболканың қасындағы тақтайшада. 

Месси ПСЖ сапына 2021 жылы өткен болатын. Команда үшін 53 матчте ол 23 гол соғып, 29 нәтижелі пас берді. Команда мен ойыншы арасындағы келісімшарт маусым соңында бітеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport