Футбол
20 қазан 10:15
 

Аргентина футболдан әлем чемпионы атана алмады

  Пікірлер

blog.share

Аргентина футболдан әлем чемпионы атана алмады ©

Аргентина U-20 құрамасы футболдан жастар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында Марокко командасынан сенсациялық түрде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Аргентина U-20 құрамасы футболдан жастар арасындағы 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында Марокко командасынан сенсациялық түрде жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Екі голды да марокколық Яссир Забири бірінші таймда соқты (12 және 29-минуттар).

Осылайша, Марокко жастар құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионы атанды.

Ал алдыңғы әлем чемпионы Уругвай бұл жолы финалдық кезеңге шыға алмай, өз атағын қорғай алмады. 

Қола медаль үшін өткен ойында Колумбия (U-20) құрамасы Францияны (U-20) 1:0 есебімен жеңді.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты Чилиде өтті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!