Футбол
Бүгін 14:41

Аргентина Францияны ығыстырып ФИФА рейтингінде бірінші орынға көтерілді

©instagram.com/rodridepaul

Аргентина құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша әлемдегі ең мықты құрамалар рейтингінің көшін бастады. Жаңартылған рейтингте әлем чемпиондары басты бәсекелестерінің сәтсіз нәтижелерін тиімді пайдаланып, бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Аргентина ФИФА рейтингінде көш бастады

Өзгерістер маусым айындағы жолдастық кездесулерден кейін болды. Аргентиналықтардың негізгі қарсыластары рейтингтік ұпайларынан айырылды.

Бұған дейін ФИФА рейтингінде бірінші орында тұрған Франция құрамасы Кот-д'Ивуардан күтпеген жерден 1:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл жеңіліс "үштүстілерді" рейтингтік сегіз ұпайдан айырып, бірден үшінші орынға түсірді.

Ал екінші орында тұрған Испания құрамасы Иракпен 1:1 есебімен тең ойнап, маңызды ұпайларын жоғалтты. Соның нәтижесінде Еуропаның қазіргі чемпиондары үздік үштіктегі орнын сақтағанымен, Аргентинаны алға жіберіп алды.

Аргентина құрамасы келесі матчын 7 маусымға қараған түні өткізіп, Гондурас құрамасымен кездеседі.

5 маусымдағы ФИФА рейтингінің үздік ондығы:

1 (3) – Аргентина;

2 (2) – Испания;

3 (1) – Франция;

4 (4) – Англия;

5 (5) – Португалия;

6 (6) – Бразилия;

7 (8) – Марокко;

8 (7) – Нидерланд;

9 (9) – Бельгия;

10 (10) – Германия.

ӘЧ-2026 туралы не білу керек?

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды мундиаль болмақ. Турнирге алғаш рет 32 емес, 48 ұлттық құрама қатысады.

Жарыс барысында құрамалар рекордтық көрсеткіш – 104 матч өткізеді.

Сондай-ақ, бұл әлем чемпионаты алғаш рет үш мемлекетте – АҚШ, Мексика және Канадада ұйымдастырылады. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

2026 жылғы әлем чемпионатының топтары:

48 құрама төрт командадан тұратын 12 топқа бөлінген. Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар және үшінші орын иеленген сегіз үздік команда жолдама алады. Нәтижесінде 32 құрама 1/16 финалда өнер көрсетеді.

A тобы: Мексика, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея, Чехия

B тобы: Канада, Швейцария, Катар, Босния және Герцеговина

C тобы: Бразилия, Марокко, Гаити, Шотландия

D тобы: АҚШ, Парагвай, Австралия, Түркия

E тобы: Германия, Кюрасао, Кот-д'Ивуар, Эквадор

F тобы: Нидерланд, Жапония, Тунис, Швеция

G тобы: Бельгия, Египет, Иран, Жаңа Зеландия

H тобы: Испания, Кабо-Верде, Сауд Арабиясы, Уругвай

I тобы: Франция, Сенегал, Норвегия, Ирак

J тобы: Аргентина, Алжир, Австрия, Иордания

K тобы: Португалия, Колумбия, Өзбекстан, Конго Демократиялық Республикасы

L тобы: Англия, Хорватия, Гана, Панама.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport