Аргентина футбол федерациясының президенті Чики Тапиа ұлттық құраманың бас бапкері Лионель Скалонимен келісімшартты 2026 жылғы әлем чемпионатына дейін ұзартты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
44 жастағы маманның Аргентинамен жаңа келісімшарты 2026 жылдың маусымына дейін есептелген.
Скалони Аргентина құрамасын 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2021 жылғы Америка Кубогінде топ жарып, 1993 жылдан бергі алғашқы халықаралық трофейіне қол жеткізді.
Скалони футболшы ретінде испаниялық "Депортиво", "Расинг", "Мальорка", италиялық "Лацио", "Аталанта" және англиялық "Вест Хэм" командаларында өнер көрсетті. Ал Аргентина құрамасында жеті ойын өткізген.