Аргентина әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

©Twitter

Футболдан Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл Оңтүстік Америкадағы іріктеу турының кезекті матчінен кейін белгілі болды, деп хабарлайды Sport24.ru.

Аргентиналықтар өз алаңында Бразилиямен тең ойнады (0:0), ал одан кейін Чили өз алаңында Эквадордан ұтылды (0:2). Осының арқасында 29 ұпайы бар Аргентина, Катардағы ӘЧ-ге жолдама беретін төртінші орыннан түспейтіні анық.

Оңтүстік Америкадағы іріктеу турнирінің көшбасшысы Бразилия (35 балл). Бұл құрама жолдаманы ертерек жеңіп алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport