Аргенина футбол қауымдастығы (AFA) 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың ресми тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони өтінімге 26 футболшыны енгізді. Олардың қатарында сегіз дүркін "Алтын доп" иегері Лионель Месси де бар.
"Интер Майами" шабуылшысы үшін бұл карьерасындағы алтыншы әлем чемпионаты болмақ.
Хуан Муссо ("Атлетико", Испания), Херонимо Рульи ("Марсель", Франция), Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла", Англия);
Қорғаушылар:Леонардо Балерди ("Марсель", Франция), Николас Тальяфико ("Лион", Франция), Гонсало Монтиель ("Ривер Плейт", Аргентина), Лисандро Мартинес ("Манчестер Юнайтед", Англия), Кристиан Ромеро ("Тоттенхэм", Англия), Николас Отаменди ("Бенфика", Португалия), Факундо Медина ("Марсель", Франция), Науэль Молина ("Атлетико", Испания);
Жартылай қорғаушылар:Леандро Паредес ("Бока Хуниорс", Аргентина), Родриго Де Пауль ("Интер Майами", АҚШ), Валентин Барко ("Страсбур", Франция), Джовани Ло Чельсо ("Бетис", Испания), Эсекиэль Паласиос ("Байер", Германия), Алексис Макаллистер ("Ливерпуль", Англия), Энцо Фернандес ("Челси", Англия);
Шабуылшылар:Хулиан Альварес ("Атлетико", Испания), Лионель Месси ("Интер Майами", АҚШ), Николас Гонсалес ("Атлетико", Испания), Тьяго Альмада ("Атлетико", Испания), Джулиано Симеоне ("Атлетико", Испания), Нико Пас ("Комо", Италия), Хосе Мануэль Лопес ("Палмейрас", Бразилия), Лаутаро Мартинес ("Интер", Италия).
Аргентина кімге қарсы ойнайды?Топтық кезеңде аргентиналықтар Алжирмен (16 маусым), Аустриямен (22 маусым) және Иорданиямен (27 маусым) кездеседі.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы - қазіргі әлем чемпионы.
2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Тарихта алғаш рет мундиальға 48 құрама қатысады.
Лионель Месси - Испания чемпионаты, "Барселона" клубы және Аргентина құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген. Ұлттық құрамамен бірге ол Америка Кубогын екі рет (2021, 2024), "Финалиссима" турнирін (2022) және 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алды.