Футбол
11 маусым 10:22

Аргентина 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеуде азшылықта қалса да жеңісті бермеді

©x.com/Argentina

Аргентина және Колумбия құрамалары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Буэнос-Айресте өтке матч 1:1 есебімен аяқталды. 24-минутта Луис Диас гол соқты, оған алаң иелері 81-минутта Тьяго Альманың дәл соққысымен жауап берді. Осы сәтте аргентиналықтар алаңда бір ойыншыға кем ойнап жатқан еді – Энцо Фернандес 70-минутта қызыл қағаз алды.

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси бастапқы құрамда алаңға шықты, бірақ 78-минутта алмастырылды.

Финалдық кезеңге жолдама алып қойған және топта бірінші орында тұрған Аргентина 35 ұпай жинады. Колумбия 22 ұпаймен алтыншы орында орналасқан.

Келесі матчті Аргентина 3 қыркүйекте Венесуэлаға қарсы өткізеді, ал Колумбия сол күні Боливиямен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport