Футбол
Бүгін 18:18

Арда Гюлер 36 дүркін чемпионмен ресми түрде келісімшартқа отырды

©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реал" Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Арда Гүлермен келісімшартты ұзартқанын жариялады. 21 жастағы футболшымен жаңа келісім 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" Гүлермен келісімшартты ұзартты

Мадридтік клуб жаңа келісімшартқа қол қойылғанын ресми сайтында мәлімдеді. Сондай-ақ хабарламада жас жартылай қорғаушының команда сапындағы жетістіктері атап өтілді.

"Арда Гүлер "Реалға" 2023 жылдың шілдесінде, 18 жасында қосылды. Клуб сапындағы төрт маусымда ол 126 матч өткізіп, бес жүлдеге ие болды: бір рет Чемпиондар лигасын, клубтар арасындағы әлем чемпионатын, УЕФА Суперкубогын, Испания чемпионатын және Испания Суперкубогын жеңіп алды.

Ол Түркия құрамасында өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта ұлттық құрама сапында 38 матч өткізді.

Былтыр қыркүйте Арда Гүлер 2025/2026 жылғы маусымның Чемпиондар лигасындағы үздік жас ойыншысы атанды", – делінген клубтың хабарламасында.

Еске салайық, Гүлер 2023 жылдың жазында Испанияның 36 дүркін чемпионы "Реалға" "Фенербахче" клубынан 30 миллион еуроға ауысқан.

Гүлердің осы маусымдағы статистикасы

Түркиялық жартылай қорғаушы биыл барлық турнирде 14 матч өткізіп, төрт гол соқты және жеті нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы құны 100 миллион еуроға бағаланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport