Лондондық "Фулхэм" клубы құрамын мадридтік "Реал" ойыншыларымен күшейтіп жатыр. Ағылшын клубы испаниялық жартылай қорғаушы Сесар Паласиостың трансфері туралы ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Келісімшарт 2031 жылға дейін жасалды
"Фулхэмнің" баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы хавбекпен 2031 жылдың жазына дейін келісімшарт жасалған. Келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Трансфердің ресми құны жарияланған жоқ. Алайда БАҚ мәліметінше, лондондық клуб бұл трансфер үшін шамамен 10 миллион еуро төлеген.
Сонымен қатар, "Реал" футболшының болашақтағы ықтимал сатылымынан түсетін қаржының 30 пайызын алу құқығын өзінде сақтап қалды.
Паласиос жаңа клубында 8-нөмірмен өнер көрсетеді.
Welcome to Fulham, César Palacios!
— Fulham Football Club (@FulhamFC) August 3, 2026
Бір күндегі "Реалдан" келген екінші ойыншы
Сесар Паласиос бір күн ішінде "Реалдан" "Фулхэмге" ауысқан екінші футболшы болды. Бұған дейін лондондық клуб мадридтіктердің бұрынғы шабуылшысы Гонсало Гарсияны ресми түрде таныстырған болатын.
Айта кетейік, биыл "Фулхэмнің" бас бапкері қызметіне Альваро Арбелоа тағайындалды. Ол бұған дейін "Реал" жүйесінде жұмыс істеген және екі жаңа ойыншыны да жақсы біледі.
Жарнама