Мадридтің "Реал" клубының киім ауыстыратын бөлмесінде (футболшылар демалып, бапкердің нұсқауларын алады) жағдай қайтадан ушығып отыр. Команданың бірқатар ойыншылары жаңа бас бапкер Альваро Арбелоаның шешімдеріне күмәнданып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Sport.es мәліметінше, қазіргі ахуал Карло Анчелоттидің қызметінің соңғы айларындағы және Хаби Алонсо кезеңіндегі жағдайды еске салады.
Команда ішінде жетекші футболшылардың бейресми ықпалы бар, ол бапкерлер штабына қысым көрсетуі мүмкін.
Хабарламаға сәйкес, Арбелоа күрделі ішкі иерархиямен бетпе-бет келіп отыр: негізгі ойыншылар оның тактикалық шешімдерімен әрдайым келісе бермейді, алайда, келіспеушілікті көпшілік алдына шығармауды жөн көреді.
Дереккөз мәліметінше, испаниялық маман клубтағы атмосфераның ерекшелігін түсінеді және кей кездері команданың реакциясына байланысты өз шешімдеріне күмәнданады.
Айта кетейік, Альваро Арбелоа 2026 жылғы 12 қаңтарда "Реал Мадрид" клубының негізгі командасының бас бапкері болып ресми түрде тағайындалды.
Бұл қызметте 42 жастағы испаниялық маман Испания Суперкубогының финалында "Барселонадан" жеңілгеннен кейін қызметінен босатылған Хаби Алонсоның орнын басты. Бұған дейін Арбелоа мадридтік клубтың екінші командасы - "Кастильяны" жаттықтырған.
Жарнама