1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
16 ақпан 09:03
 

Арбелоа Мбаппенің "Реал" құрамына кірмей қалу себебін айтты

  Пікірлер

blog.share

Арбелоа Мбаппенің "Реал" құрамына кірмей қалу себебін айтты ©"Реал" Мадрид ФК

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Альваро Арбелоа команда шабулшысы Килиан Мбаппенің Ла Лиганың 24-турындағы "Реал Сосьедадқа" қарсы ойынға не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Альваро Арбелоа команда шабулшысы Килиан Мбаппенің Ла Лиганың 24-турындағы "Реал Сосьедадқа" қарсы ойынға не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл матчте "корольдік клуб" 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Франциялық шабуылшы кейінгі кезде өзін жайсыз сезініп жүргені белгілі болды.

"Мбаппе біраз уақыттан бері өзін жайсыз сезініп жүр. Ол әр матч сайын алаңға шыққанда бар күшін салады. Сейсенбідегі маңызды ойын алдында тәуекелге бармауды жөн көрдік. Менің ойымша, ол сапта болады", - деп келтіреді Арбелоаның сөзін AS басылымы.

"Реалдың" алдағы матчтары

17 ақпанда "Реал" сырт алаңда "Бенфикамен" Чемпиондар лигасы аясында кездеседі. Қарымта матч 25 ақпанда Мадридте өтеді.

Ла Лиганың турнирлік кестесінде "Реал" 60 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Реал Сосьедад" 31 ұпаймен сегізінші орында.

21 ақпандағы келесі турда "Реал Сосьедад" өз алаңында "Овьедоны" қабылдайды. Сол күні "Реал" сырт алаңда "Осасунамен" ойнайды.
 
 
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!