Арасында Месси бар. Аргентина мен Боливия матчі жанжалмен аяқталды

Сурет: Sport.ua
Аргентина құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуінің екінші турында Боливияны 2:1 есебімен ұтты. Ойын аяқталысымен ойыншылар арасында жанжал басталып, оның арасында Лионель Месси де болды, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Жанжал неден басталғаны әзірге белгісіз.

Есеп бірінші таймның ортасында ашылды - 24-ші минутта Алехандро Чумасероның нәтижелі пасымен Марсело Морено гол салды.



Аргентина құрамасы 45-ші минутта Лаутаро Мартинес голының арқасында есепті теңестірді. Ал жеңіс добын 79-шы минутта Хоакин Корреа салды.



Алты ұпай жинаған Аргентина турнир кестеcінде бірінші орынға шықты. Боливия ұпай жинамағандықтан соңғы орында.