"Арасы жер мен көктей". Екі дүркін Португалия чемпионы "МЮ" мен "Астана" ойыны туралы

© footballhd.ru
Кеңес Одағы, Ресей және екі дүркін Португалия чемпионы Сергей Юран Радио Sputnik-ке берген сұхбатында Еуропа лиагсындағы "Астана" мен "Манчестер Юнайтед" ойнынан не күтетінін айтты.

"Бұл екі клубтың айырмасы жер мен көктей екені анық қой. Әрине, жігіттер талпынады, бірақ, көп нәрсе "Манчестерге" байланысты. Олар қаншалықты салмақты қарайтынына. Өйткені мұндайда әдетте мықты футболшыларды демалдырып, қосалқы ойыншыларды ойнатады. Осыдан кәсібилігі төмендеу команда ұпай жинай алады. 

Қалай дегенмен мықтылар да келеді. Құрамаларында, әлем және Еуропа чемпионаттарында ойнайтын. Сондықтан бұ елдегі футболдың дамуына түрткі. Әсіресе ұл балалар үшін. Өйткені олар стадионға келіп, жұлдыздарды көреді. Егер бұрын футбол алыстағы дүние болса, осыдан кейін жақындай түседі", - дейді ол. 

Еске салайық, "Астана" - "Манчестер Юнайтед" арасындағы бірінші матч 19-шы қыркүйек "Олд Траффорд" стадионында өтеді, басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 01:00. Қарымта 28 қараша "Астана-Аренада".

Сонымен қатар, L тобында сербиялық "Партизан" мен голландиялық "АЗ Алкмар" ойнайды.
Жаңалықтар