"Арақ ішкің келсе, қонақүйде...". "Қайраттың" экс-ойыншысы Ресейде не ұнамайтынын айтты

Сурет: Livesport

"Рубиннің" сербиялық шабуылшысы Джордже Деспотович ресейлік клубтарға тән ойын алдында қонақүйге көшу дәстүрін пайдасыз тәртіптік шара деп есептейді. 

"Ресейде ең ұнамайтын не? Ойын алдында қонақүйде жатқызу. Сен ақылды адам емессің бе? Өзіңді өзің үйде дайындай аласың. Ал егер ішкің келіп бара жатса, қонақүйде де сылқиып аласың ғой. Өз төсегіме жатпасам ұйықтай алмаймын. Ресей, өтініш, ойын алдында қонаүйге қамауды доғарыңдар! Қалғанның бәрі ұнайды", - деп береді Деспотовичтің сөзін Sport24.

РПЛ-дің биылғы маусымында Деспотович "Рубин" сапындағы 20 матчте 11 гол салып, үш нәтижелі пас берді. 

24 матчте 40 ұпай жиаған қазандық клуб турнир кестесінде сегізінші келеді. 

Ресейге ауыспас бұрын футболшы қазақстандық "Тобыл", "Астана", "Қайрат" және "Жетісу" сапында ойнаған.