Арабиялық клуб Роналдуға қатысты түсінік берді

©Soccer.ru

Сауд арабиясының "Аль-Кавкаб" футбол клубы Криштиану Роналдудың командаға қосылады деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында арабиялық клуб "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысына жылына 125 миллион еуро төленетін келісімшарт ұсынғаны айтылған болатын

"Клуб пен португалиялық ойыншы Криштиану Роналдуды байланыстыра жазған БАҚ жаңалықтарында шындық жоқ. @Cristiano клуб жоспарына кіріп отырған жоқ", - делінген клуб таратқан хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport