Арабиялық клуб Бауыржан Исламханның болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: "Аль-Айн" ФК
"Аль-Айнның" бас бапкері Педру Эмануэл футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды командада сақтап қалғысы келеді, - деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Қазір арабиялық клуб оқу-жаттығу жиындарын өткізу мәселесін қарап жатыр.

"Бас бапкер Исламханмен келіссөз тығырыққа тірелсе, бірнеше ұсынысы жасауға кеңес берді. Егер ол командадан кетсе, бапкерге жартылай қорғаушы қажет болады", - делінген хабарламада. 

Арабиялық клуб Бауыржан Исламханға бұрынғы келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынды

БАӘ чемпионаты тамызда қайта жалғасады деп күтілуде. Осыған байланысты футбол клубы жаттығу жиындарын өткізбек, алайда, елде өте ыстық болғанындықтан команда шетелге аттану жолдарын қарастырып отыр. 

Бауыржан Исламхан Қазақстанға келді

27 жастағы Исламхан ақпаннан бері арабиялық "Аль-Айн" командасында өнер көрсетті. БАӘ клубы үшін жартылай қорғаушы барлық турнирде 10 матчте ойнап, бір гол салды және үш нәтижелі пас берді. Оның командамен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. 
Жаңалықтар