Арабиялық клуб Бауыржан Исламханға бұрынғы келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынды

Сурет: "Аль-Айн" ФК
Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" сапында қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БАӘ клубы қазақстандық Бауыржан Исламхан және венгриялық Балаж Джуджак сияқты легионерлерін алып қалуға тырысып отыр. "Аль-Айн" командасының бас бапкері Педро Эмануэль қазақстандық футболшының ұзағырақ қалып, БАӘ президенті кубогы мен ел чемпионатын ұтып алуға көмектескенін қалайды. 

Еске салайық, Бауыржанның арабиялық командамен келісімшарты 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында қазақстандық футболшының агенті Марат Арчегов Исламханға Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан.

"Италияда ойнай алады". Ресейдің көптеген командасы Исламханға айлық төлеуге шамасы келмейтіні айтылды