Араб кәсіпкері Роналду мен Месси матчіне екі жарым миллион доллар жұмсауға дайын

©sport24.ru

Сауд Арабиясында кәсіпкер футбол жұлдыздары Криштиану Роналду мен Лионель Месси арасындағы жолдастық матчқа VIP билет сатып алу үшін бірнеше миллион жұмсауға дайын, деп хабарлайды Reuters.

Ер адам 17 қаңтарда аяқталатын аукционда осы лотты ұтып алу үшін 10 миллион риал, яғни 2,66 миллион доллар, теңгеге шаққанда 1 миллиард 220 миллион ұсынып отыр. Ешкім бұдан артық шығын шығаруға дайын емес.

Билет "Қиялдан тыс" деп аталды. Осы билет арқылы жақында ғана Роналду кірген арабиялық "Әл-Наср" мен Месси ойнайтын "Пари Сен-Жермен" арасындағы жолдастық кездесуге қатысуға болады.

Әлемде асыға күтетін матчтердің бірі 19 қаңтарда Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді. Роналду мен Месси 2020 жылғы желтоқсанда "Ювентус" "Барселонаны" 3:0 есебімен жеңгеннен кейін алғаш рет кездескелі тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport