АПОЭЛ мен "Қызыл-Жар" матчының дәл есебі айтылды

©Қызыл-ЖАР ФК

"Каспий" клубының экс-ойыншысы Боян Ковачевич Конференция Лигасында АПОЭЛ мен "Қызыл-Жар" матчының дәл есебін атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын 4 тамыз күні Кипрде елорда уақытымен 23:00-де басталады.

"Биыл АПОЭЛ-да өте мықты құрам жиналған. Ол командаға сапалы ойыншылар көп. Киприоттар өз алаңында өте тамаша ойнайды. Қорғаныстан шабуылға жылдам шығады. Оның үстіне олардың жанкүйерлері керемет қолдау көрсетеді. Еурокубоктердегі тәжірибесін ескеріп, бүгінгі матчта алаң иелері жеңіске жетеді. Ал есеп 1:0 болады", - дейді Ковачевич.

Қарымта ойын 11 тамызда "Астана Аренада" өтеді. Қос кездесудің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда "Сфынтул Георге" (Румыния) - "Юргорден" (Швеция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар