АПЛ үздіктері анықталды. Криштиану Роналду үшінші орында.

© sportbox.com

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах пен "Тоттенхэм" шабуылшысы Сон Хын Мин ағылшын премьер-лигасының осы маусымдағы үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос ойыншы премьер-лигада 35 матчқа қатысып, 23 голдан соққан. "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду 30 ойында 18 гол соғып, бомбардирлер тізімінде үшінші орынға ие болды.

Салах үшін бұл мансабындағы үшінші жүлде болды. "Арсеналдың" бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри ғана Англия чемпионатында төрт мәрте үздік сұрмерген атанған. Алан Ширер ("Ньюкасл", "Блэкберн") мен Харри Кейннің ("Тоттенхэм") әрқайсысында үш "Алтын бутсы" бар.

Ал Сон Хын Мин Англия чемпионатында үздік сұрмерген атанған алғашқы азиялық футболшы.

Ағымдағы маусымда 13 нәтижелі пас берген Мохамед Салах премьер-лиганың үздік плеймейкері деп танылды. Ал "Алтын қолғапқа" "Ливерпуль" мен "Манчестер Сити" қақпашылары Аллисон мен Эдерсон ие болды. Қос қақпашы да 20 ойында қақпаларына гол жібермеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport