"Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд аптасына 865 мың фунт айлық алады. Бұл туралы Sport24 хабарлады.
Шабуылшы аптасына нақты белгіленген жалақысынан бөлек, қосымшы сыйақыларды да қырып алуда. Осылайша, 22 жастағы норвегиялық жалпы бір аптада 865 мың фунт айлық алады екен. Бұл көрсеткішпен ол АПЛ-де ең көп жалақы алатын шабуылшы атанып отыр.
Салыстырып көретін болсақ, "МС" жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне аптасына 375 мың фунт, "МЮ" шабуылшысы Криштиану Роналду 480 мың фунт алады.
Биыл Холанд "МС" сапында барлық турнирде 12 кездесуге қатысып, 19 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Эрлинг "МС" командасына жазғы трансфер кезінде алмасып, 2027 жылғы маусымның соңына дейін келісімшарт жасады. Бұл шабуылшы үшін ағылшындық команда дортмундтық "Боруссияға" 60 миллион еуро төледі. Ал Transfermarkt порталы Холандтың трансфер нарығындағы 150 миллион еуроға бағалап отыр.