АПЛ ойындары патшайым қазасына байланысты өтпеуі мүмкін
Ағылшын премьер-лигасының (АПЛ) басшылығы алда болатын футбол матчтарын Елизавета II патшайымның қазасына байланысты кейінге қалдыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Daily Star-ға сілтема жасай отырып.

Ұлыбританияда аза тұту кезінде жүзеге асуы тиіс бірнеше ережелер бар, олардың қатарына кей спорттық шаралар да кіреді.
АПЛ алдағы ойындар туралы шешімді мәдениет, БАҚ және спорт министрлігінің ұсынысына қатысты қабылдайтын болады.
Шешім әлі шыққан жоқ, алайда Елизавета II жерлеу рәсімі болатын күнмен қатар түсетін ойындардың уақыты кейінге жылжитыны анық.
АПЛ жетінші айналымының ойындары 10 және 12 қыркүйек аралығында өтуі тиіс еді.
Елизавета II 2022 жылдың 8 қыркүйегінде 96 жасында өмірден өтті. Ол Ұлыбритания тағына 1952 жылы 25 жасында келіп, елді 70 жыл биледі.
Жарнама